Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген келіншек сот алдында жауап берді
Фото: коллаж El.kz
Фото: коллаж El.kz
22.05.2024 09:46
4556
Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты сот басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елді шошытқан қылмыс былтыр ақпан айында болған еді. Жалдамалы пәтерлердің бірінен екі мен төрт жастағы ұл мен қыздың мәйіті табылған. Белгілі болғандай, оларды анасы бір-бірлеп дәлізге шығарып, тұншықтырып өлтірген. Келесі күні келіншек Шымкент қаласындағы қонақ үйден ұсталды.
Сот отырысына марқұм балалардың әкесі жәбірленуші ретінде қатысты. Сот актісінде келіншек қылмысқа күйеуі көңіл бөлмегендіктен барды деп көрсетілген.
Бұл тұста сотталушының адвокаты алдымен келіншектің психикалық ауытқуының бар-жоғына сараптама жасау қажет деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте медицина профессоры жұмбақ жағдайда көз жұмды
Келесі жаңалық
Оралда жолаушылар автобусы өртенді