Жаңалықтар

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты
Фото: Түркістан облысы ПД 21.06.2024 09:35 1367

Түркістан облыстық сотында балаларын өлтірді деп күдікке ілінген атышулы сот процесі аяқталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Сотталушыға қатысты сот 21 мамырда басталған еді. Айыпталушы – 31 жастағы Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны. Ал жәбірленуші оның күйеуі, марқұм балалардың әкесі болды. Өз балаларын тұншықтырып өлтірді деп күдікке ілінген әйелдің адвокаты соттың алқабилер қатысуымен өтуіне, әрі келіншекке психиатриялық сараптама жасалуына өтініш берген.

Сараптама қорытындысы бойынша үш және төрт жастағы балаларын өлтіргенде әйелдің ақыл-есі дұрыс болғаны анықталды.

Сараптама 6 наурызда басталып, 4 сәуірде аяқталған. 29 күнде толық бақылаудан өткен. Мамандар есі дұрыс деген жауап берген. Ал бұл қылмысқа мотив ретінде сотталушының күйеуімен араздығы себеп болуы мүмкін. Біз оны тіпті іске де тіркедік. Яғни айыпталушы мен жәбірленушінің жазған хабарламасынан 15 күн вахтада жұмыс істеген күйеуінің 15 күн демалысында үйіне келмейтіні мәлім болды. Содан екеудің арасында ұрыс басталған, - дейді Түркістан облыстық қылмыстық істеп жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.

Сотталушының адвокаты әйелдің психологиялық ауытқушылығы барына сенімді. Сөзінше, тұқымқуалаушылық ауру оның туған-туыстарында да бар. Және келіншек адвокатымен сөйлескенде бұл әрекетке құлағына біреу сыбырлағаннан жасағанын айтқан.

Істі алқабилер бірнеше ай бойы қарады. Бұл процесті журналистерге сотталушы мен алқабилерді көрсетпеу шартымен жариялауға рұқсат етілді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 ақпанда Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылғанын, анасы мекенжайды құрбысына айтып, қашып кеткенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға