Жаңалықтар

Түркістанда дүкендегі ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Түркістанда дүкендегі ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалды
Фото: polisia.kz 31.03.2025 14:45 395

Түркістанда дүкендегі ұрлық бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Белгілі болғандай, арызданған жеке кәсіпкер, дүкеннен белгісіз біреудің азық-түлік ұрлап жүргенін жеткізген. Яғни жас келіншек супермаркеттердің біріне тұтынушы ретінде кіріп, азық-түліктер, сусындар мен шоколадтарды сөмкесіне салып, білдірмей шығып кеткен.

Күдіктінің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазіргі таңда келіншектің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға