Түркістанда діни ағымның мүшесі есірткімен ұсталды
![Түркістанда діни ағымның мүшесі есірткімен ұсталды Түркістанда діни ағымның мүшесі есірткімен ұсталды](/storage/storage/element/2023/06/13/mainphoto/54690/1200xauto_qoaWUIEZNztHvI2PhB8BAetmtYspOxp5G4fchRWG.jpg)
Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағымның өкілінен есірткі тәркіледі, El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі өсімдігін өсірген күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұрған Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, күдіктінің үйінің ауласынан құрамында есірткі заты бар өсімдікке ұқсас 9 түп табылды. Сондай-ақ жедел қызметкерлер тінту кезінде шыны ыдыс және полиэтилен пакетке салынған есірткі заттарын тәркіледі. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары марихуана болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)