Жаңалықтар

Түркістанда даяшы қыз әріптесін 500 мың теңгеге алдап соққан

Түркістанда даяшы қыз әріптесін 500 мың теңгеге алдап соққан
Фото: Polisia.kz 11.03.2025 14:45 314

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында анықталғандай, дәмханада ыдыс жуушы болып жұмыс істеген жәбірленуші әйел банк қосымшасын қалай қолдану керек екенін түсінбей, әріптесінен несиесін онлайн форматта төлеп беруін өтінген. Алайда жас қыз несиені төлеп болған соң арам ойын іске асырған. Яғни сөмкеге қалдырып кеткен жәбірленушінің телефонын жасырын алып, құпия санын білген және екі бірдей банктен онлайн несие рәсімдеп, өзінің несиесін жапқан.

Жәбірленушіге жарты миллион теңгеге жуық шығын келтірген. Ал арызданушы банктен несие бойынша берешек туралы хабарлама келген кезде ғана алданғанын білген. Қазіргі таңда бойжеткенге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға