Түркістанда аптап ыстық: ең жоғары температура Қызылқұмда тіркелді

Фото: ©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
Фото: ©El.kz/Равиль АШЫҒАЛИ
13.07.2023 17:15
1336
Түркістан облысы бойынша ең жоғары ауа температурасы Қызылқұм ауылында тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, өңірде ең жоғары ауа температурасы Қызылқұм аймағында тіркелген.
Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Қызылқұмда 44,2 градус болды. Ал, Түркістан қаласында – 42,7, Шымкентте – 40 градус ыстық тіркелді. Бүгінгі күннің ең соңғы мәліметтері сағат 21:00-де белгілі болады, - делінген синоптиктердің ақпаратында.
Оқи отырыңыз:
- Елена Рыбакина: Енді АҚШ-тағы турнирлерге дайындалуым керек
- Паралимпиада чемпионы 51 жасында ЖОО дипломын алды
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді