Түркістанда «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрме ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
17.04.2025 19:14
372
Түркістанда «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, экспозицияда Алтын Орда кезеңіне жататын кесенелердің өрнектелген кірпіштері, сол дәуір тұлғаларының балауыз мүсіндері, Жошы хан кесенесінің күмбезі, ортағасырлық бірегей монеталар мен көне карталар және басқа да тарихи құндылықтар ұсынылды.
Көрмеге елдегі музей қорларынан алынған құнды жәдігерлер қойылды. Атап айтсақ, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында 80 жастағы балықшы суға батып кете жаздады
Келесі жаңалық
Бейжіңде 21 робот жартылай марафонға қатысты