Жаңалықтар

Түркістанда ағасы екі қарындасын он жыл бойы құлдықта ұстаған

Түркістанда ағасы екі қарындасын он жыл бойы құлдықта ұстаған
Фото: "Көреміз" бағдарламасы 07.09.2023 13:16 13529

Түркістан облысында екі қыз он жыл бойы құлдықта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құндыз бен Назгүл есімді апалы-сіңлілі туған ағаларының қолында 17 жылдан бері құлдың күнін кешіпті. Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасына  қыздарды 10-15 жылдан кейін тапқан мектептегі құрбылары хабарлаған. Бұл қыздар Отырар ауданына қарасты Шілік ауылында тұрады. Қос қыз мектеп жасында анасынан айырылған. Одан бұрын әкелері дүниеден өткен. Қазір әкелерінің бірінші әйелінен туған ағаларының қамқорлығында екен.

Назгүл мен Құндыздың інісі болған. Ол бірнеше жыл бұрын қайтыс болыпты. Құндыз бен інісі 18 жасқа толмай тұрып үкімет ата-аналары жоқ деп екеуіне екі бөлмелі пәтер беріпті. Кейіннен ағайындар арасында жетімдерге талас жүріп, үйді қайтадан мемлекет меншігіне өткізіп жіберіпті. Қазір айына  екеуіне 150 мың теңгеден артық көмек ақша түсетін қос қыз күңнің күнін кешуде. Олардың қамқоршысы болып отырған туған ағасы Сәулебек болса өзінің 6 баласынан қыздарды неге бөлек ұстайтынын түсіндірді.

Мен өзім байдың малын бағамын. Екі қыз жұмыс істемейді, жүреді. 7 жыл болды қолымда. Сыныптастары бұларды жақсы білмейді. Бұлар ауырады. Өзім мал баққаннан кейін қасымда ұстаймын. Мемлекеттен біріне 89, біріне 79 мың беріледі айына. Олар бөлек тұрады. Кішісінде өкпе ауруы бар. Келіншегім өзіміздің балаларымызға жұғады деп қорқады. Сол себепті бөлектедік, - дейді қыздардың ағасы Сәулебек Әбілдаев.

Сәулебек Әбілдаевтың әйелі болса  қыздардың күтушісі ретінде айлық алады екен.  Ол ел алдында қыздардың өкпе ауруынан қорыққандықтан өз отбасынан оқшаулауға мәжбүр екенін айтты.

Ал малды ауылдағы сауыншы болса қыздардың бірі бір рет өзінен тамақ сұрап келгенін айтады. Брақ оған ешқандай тамақ бермеген. Содан кейін жоламай кетіпті. 

Бір сыныптасымыз қой қырқуға көктемде қырға барған. Сол жерде түстің уақытында үлкен кісілер тамақ жеп отырса екі қыз туалет жақта қолдарына нан ұстап жеп жүріпті. Жақындап барып қараса Назгүл екен. Суретке түсіріп алыпты. Сол кезден бастап мен мамама хабарласып, жағдайларын білуді сұрадым. Ауыл әкімі де "қыздар жақсы жағдайда" деген. Сондада көрейік деп барып, жүрегіміз ауырып кетті. Қойшыға арналған үйде тұрады. Ол жерде ешқандай жағдай жоқ. Жейтіндері нан мен су. Киімдері ескіріп әбден тозған жұқа шалбар мен жейде. Тіпті  ішкиімнің асты да үсті де жоқ. Осы заманда отыздан асқан қыз ішкиімсіз жүруді қалай түсінеміз? Тұратын жерді аралап қарасам не сабын, не тіс пастасы, ешқандай тазалыққа арналған зат жоқ. Қыздардан қолаңса иісі шығып тұр, - дейді Назгүлдің сыныптасы  Айша Мұстафина.

Жәбір көрген қыздардың сыныптастары достары туралы да ақпарат берді.

Құндыз мектептің кезінде отбасыларында онша жағдай болмады. мамасы аурушаң болды. Бірақ, апай жатта дегенді жаттап келетін. Шығар деген есепті шығарып келетін.  Айтарлықтай ұялшақ болды. Мерекелік ашық сабақтарға дайындалатын кезде "Өлең айтайыншы" деп сұранатын. біз жаттап кел десек жаттап, соны орындаған. Мектеп кезінде ондай бір психологиялық, басы істемей қалады деген жағдайлар болған жоқ. Сабақ 6 күн болатын болса қысты күндері  аптасына 3-4 рет келетін. үйлері суық болып жаурап, ұйықтап қалып, ауырып қалып келмей қалатын кездері болатын. Мынандай күйге түскенін мектеп бітіргенімізге 10 жыл болатын кезде бір-бірімізді іздеп, мына жағдай анықталып тұр, - дейді Гүлсімжан Әділжан Құндыздың сыныптасы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🔹QAZAQSTAN🇰🇿DA (@qazaqstanda)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға