Жаңалықтар

Түркістанда 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Түркістанда 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Фото: © Polisia.kz 11.05.2023 17:15 850

Түркістан облысының полицейлері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында 2016 жылдан бері есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады. Қашқынды полицейлер Шымкент қаласынан қолға түсірді.

Тәртіп сақшылары күдіктіні Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазір оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға