Жаңалықтар

Түркістанда 7 баланың әкесі гуманитарлық көмек жіберіп жатқанда қаза тапты

Түркістанда 7 баланың әкесі гуманитарлық көмек жіберіп жатқанда қаза тапты
Фото: әлеуметтік желі 16.04.2024 17:47 1876

Түркістан облысының тұрғыны Атырауға гуманитарлық жүк артып жатқанда қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын жазды. Оқиға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінің темір жол станциясында орын алды. Қаза тапқан азаматтың  артында жары мен 7 баласы, мүгедек інісі қалған.

13.04 күні Атырауға көмекке аттанғалы жатқан бауырымыз Хово жүк көлігін вагонға артып жатқанда оқыстан көлік дөңгелегі вагоннан тайып кетіп, өз көлігінің астында қалып қойып 7 баланың әкесі 37 жасар Қоспанов Қайырбек Әлімбекұлы деген бауырымыз марқұм болды - делінген журналистке келген хатта.

Қайтыс болған Қайырбек Әлімбекұлының әйелі балаларымның үлкені 16 жаста, кішісі бар болғаны 2-де екенін айтады. Жергілікті БАҚ өкілдері отбасыға көмек болсын деп қор ашып, қаржылай көмек көрсетіп, баспана алып беруді көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға