Жаңалықтар

Түркістанда 45 тонна шөп өртеніп кетті

Түркістанда 45 тонна шөп өртеніп кетті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 05.10.2024 21:32 87

Түркістан облысында шаруашылық құрылыс пен 45 тонна жиылған шөп өртенді. Оқиға бүгін күндізгі уақытта Қазығұрт ауданы Үлгілі кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер шөпті бөлшектеп, арасына су төгу арқылы өртті сөндірген. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға