Түркістанда 4 жасар бала жоғалып кетті

Түркістанда полиция жоғалған баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1 желтоқсан кешкі уақытта полицияға жергілікті тұрғын арызданып, сол күні ойнауға шығып кеткен 4 жасар ұлының үйіне қайта оралмағанын жеткізді.
Ер азаматтың арызы бірден тіркеліп, тез арада полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Қазір тәртіп сақшылары жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Жоғалған баланың жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданды. Еріктілер мен тұрғындар да көмекке келді.
Бақыт Айбар Алдиярұлы 25.05.2019 жылы туған. Бойы 60-65 см, шашы қара-қоңыр түсті. Үстінде сұр түсті торлы жейде, қоңыр түсті шалбар, аяғында резеңке аяқ киім болған.
Көрген-білген адамдар болса, шұғыл полицияның кезекші бөліміне 8-725-33-5-97-65, 8-725-33-97-40-94 немесе +77014596666, +77026376600, +77759962793, сондай-ақ 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.
