Түркістанда 32 жастағы науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алынды

Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі
15.06.2023 10:45
626
Түркістан облысында 32 жастағы науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 1991 жылғы науқасқа ота жасалды. Шамамен төрт сағатқа созылған отаның нәтижесінде онкохирург дәрігерлер науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алды. Ал, материалды гистологиялық тексеру ісіктің қатерсіз сипатын көрсетті.
Онкохирург Е.Ақбердиевтің айтуынша, операция сәтті өтті, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлттар лигасы: Хорватия құрамасы финалға шықты
Келесі жаңалық
Өскеменде автобус рельс үстінде тоқтап қалды