Жаңалықтар

Түркістанда 28 кәсіпкерді сазға отырғызып кеткен жас жігіт тергеліп жатыр

Түркістанда 28 кәсіпкерді сазға отырғызып кеткен жас жігіт тергеліп жатыр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 20.01.2024 15:40 332

Түркістанда 1995 жылы туған жас жігіт 28 кәсіпкерді сазға отырғызып кеткен. Күдікті бизнесмендерді қайтарымсыз грант алып беремін алдап соқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт өткен жылдың желтоқсан айында ұсталған. Алаяқтың арбауына іліккендердің әрқайсысына 700 мың мен 1,1 млн теңге көлемінде шығын келген. Бөтеннің қаржысын оңай жолмен иемденуді көздеген күдіктіге қатысты қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

Жалпы былтыр Түркістан қалалық полиция басқармасына алаяқтық фактісі бойынша 250-ге жуық қылмыстық іс тіркелген. Оның 48-і грант алуға жәрдемдесемін деген алаяқтыққа сеніп қалған жәбірленушілерден түскен арыз.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау, тегін кеңес беру, бизнес жобалар әзірлеу мен сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетеді. Ал қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие құзыретті мекемелер арқылы беріледі. Жуырда Жетісай ауданында алаяқтар бірнеше кәсіпкердің электронды поштасына қайтарымсыз 5 млн теңге алу мақұлдануына байланысты жеке деректерін жолдауды сұрап хат жолдаған. Бұл істі полиция қадағалуға алып, міндетті түрде тиісті шара қолданылады, – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға