Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокурорлары тағайындалды
Бас прокурордың бұйрығымен Мұрат Тлеубердиев Түркістан облысының, Қайрат Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды.
Бас прокуратура мәліметінше, Мұрат Тлеубердиев 1973 жылы 20 қарашада Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымда қызмет еткен.
Алматы қаласы Алмалы ауданы прокуратурасының бөлім бастығы, қала прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментін басқарды.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
Ал Қайрат Әбдіханов 1972 жылы 16 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарда қызмет еткен.
Оның ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл аудынының, Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Тағайындалғанға дейін Павлодар облысының прокуроры лауазымда болды.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.