Жаңалықтар

Түркістан өңірінде аттестаттаудан өтпеген 3 білім беру нысаны жабылды

Түркістан өңірінде аттестаттаудан өтпеген 3 білім беру нысаны жабылды
Фото: El.kz 15.02.2025 19:45 685

Түркістан облысында аттестаттаудан өтпеген 1 мектеп пен 2 балабақша жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Өңірдегі 99 мектептің білім беру қызметі біліктілік талаптарына сәйкес келмейді. Бұл туралы Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов мәлімдеді. 

Бұл туралы Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов мәлімдеді. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары жыл қорытындысы бойынша облыс аумағындағы мектептерде тексеру жүргізген. Тексеруге түскен 99 мектепте білім беру қызметі біліктілік талаптарына сәйкес келмей, заң бұзушылықтар болған. Соған байланысты 5 лауазымды және 94 заңды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылып, жалпы 16 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Сондай-ақ барлық 99 мектепке «заң бұзушылықтарды жою туралы» нұсқама берілді. Ал, 89 мектептің білім беру қызметімен айналысатын мемлекеттік лицензиясы уақытша тоқтатылды. 

Сонымен қатар департамент мамандары 498 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізген. Қорытынды шыққаннан кейін 417 білім беру ұйымы бірінші ретте мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалған. Оның ішінде 161 балабақша, 255 мектеп, 1 колледж бар. 

Қайта мемлекеттік аттестаттау шарасы 441 білім беру ұйымында жүргізілді. 407 білім беру ұйымы қайта аттестатталды. Ал, 34 білім беру ұйымы қайта мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді. Оның ішінде 1 колледж, 24 мектеп, 9 балабақша бар. Қайта мемлекеттік аттестаттаудан соң 2 колледждің білім беру қызметіне берілген лицензиясы қайтарылды. Сондай-ақ 1 мектеп, 2 балабақша жабылды. 29 білім беру ұйымы қайта мемлекеттік аттестататудан өтпегендіктен профилактикалық бақылау тізіміне енгізілді, - деді Ғалымжан Алматов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға