Жаңалықтар

Түркістан облысының шаруалары егін егу науқанын бастап кетті

Түркістан облысының шаруалары егін егу науқанын бастап кетті
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі 05.02.2025 02:25 112

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының шаруалары егін егу науқанын бастап кетті. Солардың бірі - Қабланбек ауылдық округінде орналасқан “Қалдан” шаруа қожалығы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шаруашылық биыл иелігіндегі 5 гектар  жерге жоғарғы сұрыпты сәбіз егуде. Алдағы уақытта 2 гектар алқаптан 45 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Басқа да аудан шаруалары егістік жерлерін өңдеп, егіс егу жұмыстарына дайындық жүргізуде.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, биыл аудан бойынша 75,7 мың га егістік жерді игеру жоспарланған. Оның ішінде, дәнді және бұршақты дақылдар – 49,9 мың гектар, майлы дақылдар – 1,1 мың гектар, картоп – 2,03 мың гектар, көкөніс – 10,6 мың гектар, бақша өнімдері – 0,5 мың гектар, мал азығы – 11,6 мың гектар алқап.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға