Жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен әйелді тапты

Түркістан облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен әйелді тапты
Фото: polisia.kz 19.12.2022 11:51 1226

Түркістан облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен әйелді тапты, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы полицейлерінің жүйелі түрде жасаған жұмысының арқасында жоғалған әйел табылды. Нақтырақ айтсақ, Сауран аудандық полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны арызданып, әйелінің жоғалғанын жеткізді. Арыз түсе салысымен саурандық тәжірибелі сақшылар іздеу ісіне жұмылдырылды. Полицейлер әйелдің баруы мүмкін деген орындарды тексеріп, таныстары арасында сұрастыру жұмыстарын атқарды. 

Нәтижесінде із-түссіз кеткен әйел Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен аман-есен табылды. Полицейлер оған заң аясында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Белгілі болғандай, облыс орталығында тұратын отбасында әйелі мен күйеуі арасында отбасылық келіспеушілік болып, салдарынан әйел үйінен кетіп қалған. Содан Сауран ауданындағы ағасының үйіне барамын деген әйел онда аз уақытқа ғана болып, үйіме кеттім деп, одан әрі хабарсыз кеткен.

Осы орайда жоғалған жанды тез арада табуға ат салысып, іздеу жұмыстарын жасаған Түркістан облысының полицейлеріне әйелдің күйеуі алғысын жеткізді. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға