Түркістан облысындағы Келес ауданында қырыққабат пісті
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
29.03.2023 20:53
1399
Келес – ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуеті жоғары шекаралық аудан. Аудан тұрғындарының басты тіршілік көзі – ауыл шаруашылығы саласы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауданның Ұшқын ауылдық округінде орналасқан «А. ЖІГЕР-Т» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі биыл 100 гектарға қырыққабат, 40 гектарға баклажан, 20 гектарға болгар бұрышын еккен. Алдағы бір аптада қырыққабаттан алғашқы өнімін ала бастайды.
Аталған кооператив өткен жылы облыс көлемінде «Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу» жобасы бойынша «Алтын күз-2022» байқауының жеңімпазы атанған. Кооперативке 700 адамның жер үлес пайы біріктіріліп, 403 гектар жерді тиімді игеріп отыр. Кооператив төрағасы Берік Салиев биыл жобамен қырыққабаттан 400 мың тонна өнім аламыз деп жоспарлауда. Аталған кооператив екінші өнім ретінде қызанақ, болгар бұрышы мен баклажан ексе, үшінші өнімге күздік қырыққабат дәнін отырғызады. Кооперативтің ерекшелігі – егістік алқабы тамшылатып суару әдісімен суарылса, тыңайтқышқа биогумус пайдаланылады.
Айта кетейік, өткен жылы ауданда алдыңғы қатарлы озық технологияны қолдана отырып, «Бір алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу» жобасы бойынша 325 жоба немесе 1 502 гектарды құрайтын егістік алқаптарға егін егілген. Сондай-ақ 89,3 мың тонна бақша және көкөніс өнімдері өндірілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға