Түркістан облысында жылқы іздеуге кеткен екі жасөспірім аман табылды
Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен 16 жастағы 2 жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Түркістан облысы Созақ ауданының полициясына 26 маусым күні таңертең жылқы іздеу үшін тауға шығып, қайта оралмаған екі кәмелетке толмағандар туралы хабарлама келіп түскен.
Жасөспірімдер мотоциклмен жылқыларды іздеу үшін таулы аймаққа бет алған. Олардың кеткеніне біршама уақыт болғаннан кейін, туыстары полициядан көмек сұрағаны белгілі болды.
Кәмелетке толмағандарды іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, құтқарушылар, 30 астам еріктілер, қызметтік иттер, сондай-ақ, дрондар мен тікұшақ жұмылдырылды.
Кейін белгілі болғандай, жасөспірімдер тауда адасып, 30-35 шақырым алыстап кеткен. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде полиция балаларды тікұшақтың көмегімен табылды.