Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
17.07.2023 12:43
1213
Қайғылы оқиға 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Бәйдібек ауданының Шаян ауылы маңында болған.
Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. ҚР ІІМ мәліметінше, апат салдарынан көлік құралдары өртенген.
Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.
Оқи отырыңыз:
- Алматының әкімдері мен Назарбаевтың адамдарының кесірінен 70% алма бағынан айырылдық – депутат
- Болат Назарбаевтың ықпалы бар: Алматы облысында бүтін бір ауыл бір отбасының меншігіне айналған
Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс істеп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға