Жаңалықтар

Түркістан облысында жоғалған бүлдіршін табылды

Түркістан облысында жоғалған бүлдіршін табылды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 28.05.2024 10:39 490

Шымкент қаласы және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полицейі Нұрхат Күзенбаев ата-анасының қарауынсыз жүрген бүлдіршінді тауып, отбасына табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 24 мамыр күні Бәйдібек ауданында болған.

Полиция аға сержанты таңғы уақытта күндізгі кезекшілікке бара жатып, балабақшалардың бірінің алдында ересектердің қарауынсыз жүрген баланы байқап, тез арада аудандық полиция бөліміне хабар берген. Іздестіру шараларынан соң бүлдіршіннің анасы табылды, - делінген хабарламада.

Бүлдіршіннің анасы полиция қызметкерлеріне дереу әрекет етіп, көмек көрсеткені үшін өз ризашылығын білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға