Жаңалықтар

Түркістан облысында жоғалған адамның денесі табылды

Түркістан облысында жоғалған адамның денесі табылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.06.2023 14:43 711

12 маусым күні сағат 16:20-да жергілікті тұрғындар Арыс өзенінен 500 метр жерден жоғалған ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары оның 1946 жылы туған адам екендігін анықтады. Ол 8 маусым күні таңғы 6:00 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Іздеу жұмыстарына ТЖД және Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері, кинологтар, волонтерлер мен оның туыстары жұмылдырылды.  

Жеке құрамнан барлығы 72 адам мен 3 техника бірлігі тартылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға