Түркістан облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі ауыл тұрғынының үйінен табылды

Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
14.07.2023 10:10
1515
Түркістан облысы Жібек жолы ауылында 5 жасар қызының жоғалғаны туралы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне анасы хабарлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, арыз 13 шілдеде түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты.
Оқи отырыңыз:
- Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды
- Қырғызстан Шүменовпен төбелескен отандасының ісін бақылауға алды
Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Күдікті қамауға алынған. Мәселенің мән-жайы анықталуда.
Оқиға орнына Түркістан облысы ПД бастығы, облыс прокуроры, жедел тергеу тобы мен мен құзырлы органдар барды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Екі қожайыны бар «Алтын орда» базары төңірегінде не болып жатыр?
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді