Жаңалықтар

Түркістан облысында жас жігіт терезеден секіріп кетпек болды

Түркістан облысында жас жігіт терезеден секіріп кетпек болды
Фото: Түркістан облыстық Полиция департаменті 24.01.2024 06:32 735

Түркістан облысы Кентау қаласында денсаулығында ақауы бар 29 жастағы тұрғын терезеден секіріп кетпек болды. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер жас жігіт аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына жігіттің әкесі хабарласып, көмек сұраған. Айтуынша, ұлы 4-қабаттағы пәтердің терезесінен секірмек болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен учаскелік полиция инспекторлары дереу жеткен.

Аталған мекенжайға келгеннен кейін тәртіп сақшылары 29 жастағы ер азаматтың денсаулығында ақауы бар екенін анықтады. Ол пәтердің есігін ішінен құлыптап алып, ешкімді, тіпті жақындарын да кіргізбей, терезеден секіремін деген. Сонымен қатар қолына түскен заттарды терезеден лақтыра бастаған. Ер адам секіруге тырысқанда полицейлер оны тыныштандырып, әңгімелерімен назарын басқа жаққа аударған деп хабарлады полициядан.  

Сол сәтте учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатхан өз өмірін тәуекел ете отырып, балконға көрші пәтердің терезесі арқылы кірген. Осыдан соң қасына ешкімді жақындатпаған жігітті күрес әдістерін қолдана отырып, бірден ұстап алған.

Жас жігітке медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Өз кезегінде әкесі ұлын құтқарған полицейлерге алғысын білдірді.  

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға