Жаңалықтар

Түркістан облысында заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Түркістан облысында заңсыз берілген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: ҚР АШМ 19.02.2025 16:49 371

ҚР АШМ ЖРБК Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті Байдібек, Түлкібас және Төле би аудандарының жергілікті атқарушы органдарына жер учаскелерін беру заңдылығына қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ мәліметінше, тексеру нәтижесінде жер учаскелерінің конкурс пен аукцион өткізілмей, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының талаптарын бұза отырып берілгені анықталды.

Соттың заңды күшіне енген шешімдерінің негізінде мемлекетке Бәйдібек және Түлкібас аудандары әкімдіктерінің қаулыларымен заңнаманы бұза отырып бөлінген 4,3 мың га ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Оның ішінде 1 149,54 га егістік және 3 209,71 га жайылым бар. Төлеби ауданы әкімдігінің саяжай құрылысына жалпы ауданы 7,56 га болатын 63 жер учаскесі заңсыз бөлінген. Сот бұл мәмілелерді жарамсыз деп танып, жер беру туралы шешімдерді заңсыз деп тапты, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға