Жаңалықтар

Түркістан облысында ветеринария қызметкерлерінен сыйақы қаржысын жинап алған басшы сотталды

Түркістан облысында ветеринария қызметкерлерінен сыйақы қаржысын жинап алған басшы сотталды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 01.12.2024 10:41 466

Түркістан қалалық соты облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» басшысына үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тағылған айып бойынша Б.Бегманов аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған. 

Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп жазылған ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында. 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға