Түркістан облысында үздік оқырмандарына велосипед табысталады

Түркістан облысында кітапхананың үздік оқырмандарына велосипед беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Келес ауданында орналасқан Б.Момышұлы атындағы №59 жалпы орта мектебінде «Кітап оқу байқауы» өтіп жатыр. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада үздік оқырман оқушыларға спорттық велосипед, планшет және тағы басқа да бағалы сыйлықтар беріледі.
Жобаға жергілікті жердегі жеке кәсіпкерлер – Марат Бекшораев, Марат Құтымов, Сапархан Ахметов сияқты ел ағалары демеушілік жасап отыр.
«Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітапсүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында мұндай акция алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Кітап терең ойлауды үйретіп, есте сақтау қабілетін жақсартып, ақыл-ойды еркін жеткізуге жаттықтырады,– дейді мектеп директоры Убайдулла Ералиев.
