Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
25.02.2023 18:30
2850
Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушысы болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы.
Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды. ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігі «Өзінше билік ету» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада робототехникадан Орталық Азия чемпионаты өтуде
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды