Жаңалықтар

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған азаматтар сотталды

Түркістан облысында терроризмді насихаттаған азаматтар сотталды
Фото: El.kz 03.03.2025 09:56 275

Түркістан облысында терроризмді насихаттағаны және экстремистік ұйымның қызметіне қатысу арқылы басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған  азаматтар сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысының тұрғыны өткен жылдың қазан айында Telegram әлеуметтік желісінде «Ислам үшін» атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған «Мұсылман бауырлар» және «Өзбекстан-исламдық қозғалысы» халықаралық террористік ұйымдарының бейне жазбаларын таратқан.

Сол сияқты, Түркістан облысының тұрғыны желтоқсан айында «WhatsApp» және «Facebook» әлеуметтік желілері арқылы бірнеше рет «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының бейнежазбаларын таратқан. Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Терроризмді насихаттаған кінәлі тұлғаларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу тағайындалды.

Үкімдер заңды күшіне енген.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға