Түркістан облысында тауда адасып кеткен 2 адам құтқарылды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
01.04.2024 04:36
561
Бүгін Түркістан облысы Атбұлақ ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан "Қазығұрт" тау шатқалында 2 адам адасып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 21:45-де ТЖД күшімен саңырауқұлақтарды жинауға кеткен 2 адам құтқарылып, құтқарушылардың сүйемелдеуімен таудан өз бетінше түсірілді. Медициналық көмек қажет емес.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматылық өрт сөндірушілер 9 азаматты құтқарды
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды