Жаңалықтар

Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Фото: ©pixabay.com 04.05.2024 14:00 3138

Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты. Жаңажол ауылында 3 жылдан бері бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төлеби ауданы Бірінші мамыр ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылында тұрғын саны 2500-ден асады. Бір-біріне деген сый-құрметі артқан ауылда 6 азық-түлік дүкені бар. Енді дүкен сөрелерінде арақ-шарап сатылмайды. Себебі, ауыл тұрғындары ішімдіктен мүлдем бас тартты.

Бұл бастаманы дамыту үшін ауыл ақсақалдары, әкімдік, полиция, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер көтеріп, жиын өткізді. Онда Жаңажол ауылы тұрғындардың ішімдіктен бас тартуы, қылмыстың болмауына, құқық бұзушылықтың орын алмауына, отбасылық дау-жанжалдарға жол бермеуге өз септігін тигізетіні айтылды.

Айта кетсек, ауылда учаскелік полиция инспекторларының жүйелі жұмысы мен тұрғындардың ащы судан бас тартуы себебінен, соңғы 3 жылда мүлдем қылмыс тіркелмеген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға