Түркістан облысында шипажайдан өрт шықты
![Түркістан облысында шипажайдан өрт шықты Түркістан облысында шипажайдан өрт шықты](/storage/storage/element/2024/12/01/mainphoto/132181/1200xauto_sVrg5YFmHZNjZ50LAgqGBRaWFHMFnR41Ahqz5iFU.jpg)
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
01.12.2024 09:45
446
Түркістан облысында ТЖМ қызметкерлері шипажайдағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында шипажай ғимаратының 1-қабатында орналасқан моншаның қаптамасы отқа оранған.
ТЖМ күшімен өрт 6 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 22 адам өз бетінше далаға шықты. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Республикалық “Әбіш оқулары” шығармашылық байқауы аяқталды