Жаңалықтар

Түркістан облысында республикалық қолөнершілер жәрмеңкесі өтті

Түркістан облысында республикалық қолөнершілер жәрмеңкесі өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 27.09.2024 22:00 454

Түркістан облысында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі және ағаш ұқсату өнері» тақырыбында республикалық қолөнер шеберлері жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі және Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен шара мақсаты – дәстүрлі және қолданбалы қолөнер қазынасын ұштастыра отырып дамыту. Соның ішінде керамика өндірісі мен ағаш ұқсату өнерін насихаттау әрі ішкі туризмді өркендетіп, келген саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау.

Жәрмеңке барысында еліміздің барлық аймақтарынан жиналған 30-дан астам керамика және ағаш ұқсату өнерінің хас шеберлері үздік деп танылып, жүлделі орындарды иеленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға