Жаңалықтар

Түркістан облысында қызды пышақтап арыққа ағызып жібергендер cотталды

Түркістан облысында қызды пышақтап арыққа ағызып жібергендер cотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 13.12.2023 12:00 1335

Түркістанда 9-сынып оқушысы Аружан Орынбайды қатыгездікпен өлтіргендерге қатысты үкім шықты,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сот шешімімен  19 жастағы жігіт 16 жылға сотталды. Ал, қылмысқа қалай барғанын толық мәлімдеген 17 жастағы екінші сотталушы бір жыл төрт айға бас бостандығынан шектелді. Алайда оған прокурор 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Жасөспірім қызды 11-ші сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы өлтірді деген күдікке ілініп еді. Олар марқұмның фотосын әлеуметтік желіге жарияламас үшін миллион теңге талап еткен. Алайда Аружан бұл жайында туыстарына хабар бермек болған. Сондықтан жоғарыда аталған екеу оны пышақтап арыққа ағызып жіберген. Қаза тапқан қыздың анасы сот шешімімен келіспейтінін айтты.

Сондықтан соттың шығарған шешіміне мүлде келіспеймін. Адам өлтіріп тұрып бір баланы 16 жылға соттаса, екіншісін 1 жарым жылға ғана үй қамаққа жібереді. Ол бұрынғы әкімнің баласы, бірақ кімнің баласы болса да жасаған қылмысының жазасын алу керек – дейді марқұмның анасы Динара Зілғараева.

Марқұмның анасы аппелияцияға жүгінетінін айтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға