Жаңалықтар

Түркістан облысында құс атамын деген адам жасөспірімді өлтіріп алды

Түркістан облысында құс атамын деген адам жасөспірімді өлтіріп алды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 09.07.2023 12:21 1219

Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анықталған дерек бойынша кеше кешкілік Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келіп, істің мән-жайын анықтауға кірісті. 

Күдікті азаматтан 12 калибрлі аңшы мылтығы алынып, тиісті сараптама жұмыстары тағайындалды.

Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға