Жаңалықтар

Түркістан облысында «Қазығұрт» брендімен кір сабын өндіріле бастады

Түркістан облысында «Қазығұрт» брендімен кір сабын өндіріле бастады
Фото: gov.kz 08.09.2023 02:16 836

Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық округінің тұрғыны Айдос Сарыбай мемлекеттік бағдарламамен 1 млн 300 мың теңге қайтарымсыз грант алып, кір сабын өндіретін жеке кәсібін ашқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, ол өз кәсібін бастау үшін Тараз қаласында сабынды өндірудің әдісін үйреніп, арнайы құрылғы сатып алған. Өндірістің басталғанына көп уақыт болмаса да өнімге деген сұраныс күн сайын артып келеді. Кәсіпкердің айтуынша, тәулігіне 1 мың данаға жуық кір сабын дайындалады. Қазіргі таңда 250 грамдық сабынның бір данасын 150 теңгеден саудалап отыр.

Айта кетсек, ауданда кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба аясында 2023 жылы жалпы 50 адам қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқан. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасымен ауданда 73 жобаға 365 млн теңге несие берілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға