Түркістан облысында полицейлер мал ұрысын ұстады
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
17.10.2024 13:19
472
Түркістан облысында полицейлер бір қыстақтан үш рет мал ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарыағаштық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жайылымға 3 рет ұрлыққа түскен жер адамды ұстады. Күдікті қаражат табу мақсатында қылмысқа барғанын айтты. Яғни түнгі уақытта тұрғынның жайылымда жүрген сиырын ұрлап, қылмыс орнынан жасырынған. Содан кейін ұрланған малды сатып, ақшасын қажеттілігіне жұмсаған.
Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан бөлек мал ұрлығының екі фактісіне қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі – 1,5 миллион теңге. Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға