Жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер ер адамның денесін тапты

Түркістан облысында полицейлер ер адамның денесін тапты
Фото: polisia.kz 06.03.2023 16:00 1220

Түркістан облысының полицейлері аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, арыз 24 ақпанда Бәйдібек ауданының ПБ-не түскен еді.

Жалпы іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылды. Тұрғынды ертерек табу мақсатында тіпті дрон пайдаланылды.

10 күннен соң жоғалған адамның денесі су бетінен табылып, жағаға шығарылды.

Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 001-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға