Түркістан облысында полицей көз жұмды

Фото: Facebook парақшасынан
Фото: Facebook парақшасынан
05.03.2025 17:25
381
ІІМ басшысы Ержан Саденов қаза тапқан полиция лейтенантының отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Қанат Ғабитовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасына және жақындарына көңіл айтты.
Министрдің айтуынша, тәртіп сақшысы қызметтік міндетін атқару барысында, құқық бұзушыны қуған кезде қайғылы жағдайда қаза тапқан.
ІІМ марқұмның отбасына қажетті барлық көмекті көрсететінін мәлімдеді.
Бөлісу:
