Жаңалықтар

Түркістан облысында өзен-көлдердің су деңгейі көтеріліп жатыр

Түркістан облысында өзен-көлдердің су деңгейі көтеріліп жатыр
Фото: Түркістан облысының әкімдігі 23.03.2024 08:37 658

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Өңірде күннің күрт жылынып, бірнеше күннен бері толассыз жауған жауын салдарынан өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп жатыр. Осыған орай көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы су басу қаупі басым аймақтарды аралап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырма берді. Сырдария өзенінің ағысындағы елді мекендердің тұрғындарымен жүздесті.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. Үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жаңбыр суын сору жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жолындағы жайпап өтетін «қызыл судан» қорғану үшін бөгеттер қойылып, су арналары қауіпсіз аймаққа ауыстырылған. Құрал-жабдықтар мен инертті материалдар ретке келтірілді.

Маман да, арнайы техника да жеткілікті. Жағдай тұрақты болғандықтан қауіпті учаскелер жауапты қызметкерлер мен құзыретті органдардың жіті бақылауында. Тасқын кезінде халықты шұғыл эвакуациялауға арналған орын дайын. Мамандар облыстың барлық аймағында наурыз айында түсетін жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болады деп ескертеді, - делінген Түркістан облысы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға