Жаңалықтар

Түркістан облысында өндірілген өнім Латвия нарығына жол тартты

Түркістан облысында өндірілген өнім Латвия нарығына жол тартты
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 29.01.2025 06:30 338

Түркістан облысының Сайрам ауданында өндірілетін «Altyn bala» және «Oh, Diapers» жөргектері енді Латвия нарығында сатылымға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Capable group» компаниясының құрылтайшысы Баянсұлу Оразалиева Қазақстанның Латвиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріповпен кездесіп, отандық өнімнің әлеуетін арттыру мәселесін талқылады. Елші қазақстандық өнімнің Еуропа нарығына шығуы еліміз үшін мақтаныш екенін атап өтіп, оның халықаралық нарықта өз орнын алуына барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

«Capable group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі – Қазақстанда балаларға арналған бір реттік жөргектерді шығаратын алғашқы және жалғыз кәсіпорын. Қазіргі уақытта зауытта 100 адам жұмыс істейді, оның 60%-ы мүмкіндігі шектеулі азаматтар.  

Компания ТМД елдерінде өзіндік орны бар және отандық әрі шетелдік тұтынушыларға сапалы, қолжетімді өнімдер ұсынады. Жөргектер жапон технологиясымен, Еуропа стандарттарына сай өндіріліп, толық сертификатталған. Заманауи технологиялар минутына 1000-нан астам жөргек жасауға мүмкіндік береді. Өндіріс толық автоматтандырылған және Siemens автоматтандыру жүйесімен жабдықталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға