Жаңалықтар

Түркістан облысында мүгедекті тонап кеткен ер адам сотталды

Түркістан облысында мүгедекті тонап кеткен ер адам сотталды
Фото: © Pexels.com 25.12.2023 12:48 924

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматқа шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен ер адам арызында үйіне белгісіз біреу заңсыз кіріп, ақшасы мен телефонын күштеп тартып алғанын жеткізген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 192-бабы (қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде 43 жастағы күдікті ер азамат тұрғылықты үйінен ұсталды.

Қарақшылық жасаған ер адамға қатысты іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Соттың шешімімен мүгедек ер азаматқа шабуыл жасаған жігіт 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға