Жаңалықтар

Түркістан облысында мас жүргізуші бас бостандығынан айырылды

Полицейлер жүргізушіге қатысты жинақталған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді
Түркістан облысында мас жүргізуші бас бостандығынан айырылды
Фото: polisia.kz 18.11.2022 13:49 1165

Түркістан облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды  El.kz. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

Ордабасы ауданының патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында жол ережесін бұзған Chevrolet көлік жүргізушісін тоқтатты. Тексеру кезінде автокөлік жүргізушісінің ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабын (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бұзғаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Алайда жол қозғалысы ережелерін бұзғанына қарамастан, ер адам мас күйінде рөлге қайта отырған. Медициналық куәландыру оның мас болғанын растады.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) тіркелді. 

Полицейлер жүргізушіге қатысты жинақталған материалдарды заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді. Нәтижесінде сот үкімімен жергілікті тұрғынға бір жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға