Жаңалықтар

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілді

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілді
Фото: Түркістан облысы әкімдігі 06.06.2024 20:42 428

Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жұмыстарын жүргізу келісілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы 260,0 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, республикалық болжам орталығы анықтаған алқаптарға залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.

Облыста жалпы өңдеу жұмыстары биылғы 16 сәуірден басталып, химиялық өңдеу жұмыстарына 100 дана жер үсті техникалары және 6 дана ұшақ жұмылдырылды.

Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне 40 инспектор, өзге облыстардан 3 маман, болжам орталығынан 79 маман және аудан, қала әкімдіктерінен қосымша 245 анықтаушы қатысты.

Тиісті жұмыс жүріп, ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындарға жол берілмеді. Биыл шегірткенің жер бетіне шығып, таралуы ауа райының салқын, жаңбырлы, желді болуына байланысты бір айға созылды. Шегірткенің залалсыздандырудан аман қалған шағын көлемінің қанаттанып, үйірленуі байқалуда. Сондықтан қосымша өңдеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға