Жаңалықтар

Түркістан облысында күйеуі әйелін пышақтап, артынша өзіне қол салды

Түркістан облысында күйеуі әйелін пышақтап, артынша өзіне қол салды
Фото: kz.otyrar.kz 19.03.2024 15:37 1764

Түркістан облысы Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасында орын алған жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Күйеуі әйеліне пышақ салмақ болып  ұмтылғанда суық қару мойнына тиген. Кейіннен өзіне бірнеше рет пышақ сұққан деп жазады otyrаr.kz сайты.

Көлікпен Асар шағынауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны «Арлан» арнайы жасағы қуып, әрең тоқтатқан. Жараланғандарды екі жедел жәрдем көлігі алып кетті.

Дәл қазіргі уақытта 1989 жылы туылған ер адам ауруханада ауыр халде жатыр.
Оған бас ми суйегінің жабық жарақаты, бас ми шайқалуы, бас төбе бөлімі кесілген жарақаты, іш аймағының ашык енген кесілген жарақаты. Сол жақ сан ортан бөлігі  жарақаты диагнозы қойылған.

Сайрам ауданындағы қанды оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді. Белгілі болғандай, әйел мен ер адам 2021 жылы заңды түрде ажырасқан. Күдікті еркек лудоман болған.

02 пультіне хабарласқан жергілікті тұрғын отбасылық жанжалдан соң күйеу баласы пышақпен қорқытып, қызын кепілге алып кеткенін жеткізген. «Өлтіремін» деген ол «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» трассасымен Қызылорда облысына қарай бағыт алған. 

Кепілге алынған адамды босату мақсатында тез арада жедел штаб құрылды. „Арлан“ арнайы жасағының күшімен „Асар“ ықшамауданының маңында күдікті ұсталды. Оқиға кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алғандықтан ауруханаға жеткізілді. Күдікті бұрын екі рет сотталған, лудоманиямен ауырады. Үш баласы бар. 2021 жылы ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Қазір қамауда отыр, - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жәбірленуші босатылды. Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Онда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Белгілі болғандай күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған, 3 баласы бар, 2021 жылдан бастап олар ажырасқан. Күдікті бұрын екі рет сотталған. Лудоманиямен ауырады. Күдікті қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға