Жаңалықтар

Түркістан облысында кәмелет жасқа толмаған төрт бірдей қыз жоғалып кетті

Түркістан облысында кәмелет жасқа толмаған төрт бірдей қыз жоғалып кетті
Фото: © Polisia.kz 15.12.2023 15:46 1454

Түркістан облысының полицейлері із-түссіз жоғалған 4 жасөспірім қызды іздеп тапты деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 16 жастағы қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып, жоғалғанын айтқан. Жедел атқарылған шаралардың нәтижесінде жасөспірім қыз Шымкент қаласындағы саяжайлардың бірінен табылып, үйіне қайтарылды.

Дәл осындай арызбен полиция көмегіне Сарыағаш ауданының тұрғыны хабарласты. Ол кәмелет жасына толмаған қызы колледждге оқуына кетіп, оралмағанын мәлімдеген. Полицейлер жедел әрекет етіп, нәтижесінде 15 жастағы қызды Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерде таныс қыздарымен бірге жүрген жерінен тауып, анасымен қауыштырды.

Жетісай полициясына арызданған әйел 13 жастағы қызы үйінен шығып кетіп, қайта келмегенін жеткізген. Полицейлер жасөспірімді келесі тәулікте Жетісай қаласындағы саябақтардың бірінде жүрген жерінен тауып, жақындарына табыстаған. Сонымен қатар, Келес ауданының полицейлеріне жергілікті тұрғын арызданып, ауруханада ем алып жатқан 17 жастағы қызы шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізді. Шұғыл іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары оны да Шымкент қаласында пәтер жалдап тұрған жерінен тауып, отбасымен қауышты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға