Түркістан облысында ер адамның көлігінен екі қап есірткі анықталды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
05.01.2024 17:10
1016
Түркістан облысының полицейлері екі қап есірткі тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, Батыс Қытай - Батыс Еуропа трассасының 601-шақырымында Honda Odyssey көлігі тоқтатылды. Көліктің жүксалғышынан екі қап есірткі табылды.
Алынған заттар сараптамаға жіберілді. Тәркіленген заттың 40 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды, - делінген мәліметте.
Есірткіні заңсыз тасымалдау дерегі ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді.
Ер адам қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар, сондай-ақ есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
БЖТ тоқтатылды: Қазақстанда жеке кәсіпкерлер қанша төлеуі тиіс
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті