Түркістан облысында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді
Президент Жарлығымен 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған болатын. Осыған орай Түркістан облысында еңбек адамдарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев шаһардың көркеюі мен тазалығына үлес қосып жүрген мекеме қызметкерлеріне мерекелік сыйлықтар табыстады. Бұл туралы қала басшысы желі парақшасында жазды.
Еңбекқор жандардың еңбегін бағалай білу – қоғам дамуының басты көрсеткіші. Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы осы құндылықты насихаттауға арналған маңызды қадам. Бүгін мен қаламыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген еңбек адамдарымен кездесіп, оларға ризашылығымды жеткіздім. Күнделікті жұмысын адал атқарып, қаламыздың жасыл желегі мен тазалығын сақтап отырған «Жасыл Арыс» және «Qazaq Real Stroy» мекемелерінің қызметкерлері – Арыстың жарқын келбетін қалыптастырып отырған мекемелер. Олар тек қала көркі үшін емес, тұрғындардың жайлы өмірі үшін аянбай еңбек етіп келеді,-делінен жазбада.
Қала әкімі алдымен қаланың көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен айналысатын «Жасыл Арыс» мекемесінде болған. Содан соң «Qazaq Real Stroy» серіктестігіне барып, саябақтар мен аллеялардың тазалығын қамтамасыз ететін жұмысшылармен жүздескен. Ол әрбір қызметкердің қажырлы еңбегіне алғыс айтқан.