Жаңалықтар

Түркістан облысында екі ауылға газ тартылды

Түркістан облысында екі ауылға газ тартылды
Фото: Түркістан облысының әкімдігі 10.06.2023 10:49 1194
Түркістан облысының және Келес ауданының құрылғанына 5 жыл толуы қарсаңында Қошқарата ауылдық округінің Мақташы және Алғабас елді мекендеріне табиғи газ берілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Тұрғындардың бұл қуанышыты сәтті ұзақ уақыттан бері күткен. Көгілдір отынға қосылған ауыл тұрғындары енді көмір мен ағаш сатып алу шығынынан құтылдық деп отыр. 
 
Газдандыру жұмысын жандандыру бойынша өңірде осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Келес ауданына қарасты Қошқарата ауылдық округінің Мақташы және Алғабас ауылындағы 258 үйді газға қосуға мүмкіндік туды, - деді аудан басшысы.
 
Келес ауданында 83 елді мекенде 133 753 тұрғын бар. Оның ішінде 60 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Яғни елді мекендердің 72,3%, тұрғындардың 94,4% газдың игілігін көріп отыр. Биыл Келес ауданы бойынша 9 елді мекенді табиғи газға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға